Спорт

Қазақстандық таеквондошылар Испанияда өткен турнирде 4 медаль жеңіп алды

olympic.kz

Оның екеуі алтын медаль

Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы есепте үшінші орын иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар.

Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.