Жаңалықтар

Huawei компаниясы Талдықорғанда академия ашты

сурет: 7-su.kz

Компанияның мәлімдемесіне сүйенсек, бұл - Қазақстандағы 34-ші академия.

Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінде Huawei АКТ Академиясы ашылды. Бұл туралы компания @huaweikazakhstan Instagram парақшасында хабарлады.

Huawei Technologies Kazakhstan Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінде жаңа Huawei АКТ Академиясын ашты. Университет пен компания арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға ЖУ Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бурибаев пен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы  бас директорының орынбасары Xu Hai қол қойды.

«Huawei Technologies Co. Ltd. - телекоммуникация саласындағы ірі  компаниялардың бірі. Біз әлемдегі барлық университеттерге өз қызметімізді ұсынамыз. Бұл академия студенттерді  инфокоммуникациялық технологиялар саласында тереңірек оқыту үшін әзірленген   халықаралық білім беру бағдарламасы.  Huawei академиясының Жетісу университетінде ашылғанына өте қуаныштымын. Алдағы уақытта нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін» - деді компания өкілі Xu Hai.

Компанияның мәлімдемесіне сүйенсек, бұл - Қазақстандағы 34-ші академия.

"Академия еңбек нарығында сұранысқа ие АКТ саласында жоғары білікті кадрларды даярлау орталығына айналатынына сенімдіміз", - деді Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев.

Ақпаратта Жетісу университетінде АКТ Академиясының ашылуы Huawei-дің Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ұзақмерзімді серіктестігінің нәтижесі екені де айтылған.