Жаңалықтар

Су тасқынына байланысты 15 автожол жабылды

Қазір республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмыс істеп жатыр

Республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

2024 жылғы 9 сәуірдегі сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан (Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр жолды су басқан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмыс істеп жатыр.