Алматылық құтқарушылар Қостанай өңіріне көмекке барды
Әуе бортына су сору құралдары, қажетті апаттық- құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүргізілді.
Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы (56 қызметкер) Ұлттық ұланның әуе бортымен Қостанай өңіріне ұшты.
Алматы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді. Әуе бортына су сору құралдары, қажетті апаттық- құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүргізілді.
«Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жеке құрамға азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша өз борышын мінсіз орындауды тапсырамын», - деді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.