Астанада резеңке бұйымдар сақталған қойма өртеніп жатыр
Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды.
Астана қаласының Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.
Өртті сөндіруге резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы кедергі келтіріп тұр.
«Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.