Жаңалықтар

Алматыдан Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Сурет: Almaty-akshamy.kz

Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмек қолын созып жатқан ұйымдар мен компаниялар саны артып келеді.

Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Игі іске LCWaikiki, Colgate Palmolive компаниялары, төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ ұйымы атсалысқан.

Гуманитарлық көмек ретінде матрас, аяқ киім, резеңке етік, күрек, құм салатын қапшықтар, жаңа киім және жеке гигиеналық құралдар жіберілді. Жүкті тиеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы атсалысты.