Жаңалықтар

Үйінің суға кеткенін көрген актер жыларман күйге түсті

коллаж: turkystan.kz

Атырау облысына қарасты Жылой ауданының Құлсары қаласы су астында қалғанын естіген актер Жанболат Найзабеков ауылдағы үйіне арнайы барған.

Ауылдағы қара шаңырағын су басқан кейпін көрген театр актері Жанболат Найзабеков көзіне жас алды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ... Жүрек ауырады. Қаншама үй су астында қалды... Алла, сабыр берші», - деді мұңға берілген танымал актер.

Жанболат Найзабеков Құлсары қаласында 1988 жылы өмірге келген. Бүгінде су басқан оның ауылдағы үйінде оның жақындары тұрып келген.

«Арты жақсы болсын, тұрғындарға сабыр берсін. Оңай емес. Туған жер, өскен үй әрқашан ыстық», «Басың аман болсын,амал қанша?», «Аллам ешкімнің басына бермесін. Жаратқан Раббым Сіздерге жәрдем берсін. Бұл да бір құдайдың сынағы шығар», - деп жазды өнер адамын жұбатпақ болған желі қолданушылары.