Жаңалықтар

Айтыскер ақын тасқыннан зардап шеккен аймақтарға қомақты қаржы аударды

коллаж :turkystan.kz

Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына 5 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Бұл туралы айтыскер ақын Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз!

Отбасымыздың атынан, яғни @saad_company_kz атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!», — делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін Айнұр Тұрсынбаеваның оқырмандарына қалай баюға болатыны жайлы айтқанын жазған едік.