Экономика

Halyk Bank мемлекеттің қаржылай қолдауын мерзімінен бұрын қайтарып берді

Банк бұған дейін 2023 жылғы маусым және желтоқсанда 68,4 млрд теңгені қайтарған болатын. Ал бүгін банк мемлекет көмегінің қалған бөлігі – 181,6 млрд теңгені өтеді.

Halyk Bank 2015 жылы "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ депозиті түрінде Қазкоммерцбанктен алған 250 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекет қолдауын мерзімінен бұрын толық қайтарғанын мәлімдеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады

 

Банк бұған дейін 2023 жылғы маусым және желтоқсанда 68,4 млрд теңгені қайтарған болатын. Ал бүгін банк мемлекет көмегінің қалған бөлігі – 181,6 млрд теңгені өтеді. 

Halyk басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова банк мемлекеттік көмек алмағанын, қаржылық қолдау кезігде екі қаржы институтын, яғни БТА мен Қазкоммерцбанкті сақтап қалу үшін көрсетілгенін айтты.

Еске сала кетейік, Қазкоммерцбанк "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ депозит түріндегі 250 млрд теңге мемлекеттік қолдауды 2015 жылы берген болатын. 2018 жылы Qazkom Halyk Bank-пен біріккен кейін Halyk депозит бойынша мұрагерлік құқыққа ие болып, біріккен банктің балансына ауысты.