Қоғам

7 миллион теңгеден асқан: 4 баласына алимент төлемей келген Жетісу тұрғыны қамауға алынды

сурет: 365info.kz

Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеген.

Жетісу облысының тұрғыны 4 баласына 2 жыл бойы алимент төлемей келген. 

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, Панфилов ауданының прокуратурасы тексеру арқылы борышкердің ресми емес жұмысы, тұрақты табысы бар екенін анықтаған. 

Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді орган.

Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеген.

Жалпы, облыста прокурорлардың араласуымен кәмелетке толмаған 63 балаға жалпы сомасы 47 миллион теңге алимент бойынша берешек өндірілген.