Елімізде TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны басталды
TURAQTY JOL жобасы экологиялық таза ортаны құруға және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталған ынтымақтастықты және саналы тұтынуды ынталандырады.
7 сәуірде Алматы қаласы Түрксіб ауданының Aspan паркінде ағаштар отырғызу бойынша символикалық мәні бар шара аясында V TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны іске қосылды.
Алматы қаласының көптеген бей-жай қарамайтын тұрғындарын жұмылдыратын іс-шараның мақсаты тұрақты дамуды ілгерілетуге жәрдемдесу және жас ұрпақ арасында экологиялық сананы арттыру арқылы туған өлкені таза ету және қоршаған ортаға пайда әкелуді мақсат етті.
TURAQTY JOL – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама. Бұл бағдарлама - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады.
Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының және Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі. Эконауқанның ақпараттық серіктестері – “Alash Media Group” және “Nur Media” медиахолдингтері.
«Тұрақты даму және экологиялық жауапты бастамаларды қолдау аясында ЦентрКредит Банкі TURAQTY JOL эконауқанын екінші жыл қатарынан қолдауды жалғастырады. Бұл жоба өскелең ұрпақты қоршаған ортаны құрметтеуге және табиғи ресурстарды қорғап, тәрбиелеуге бағытталған біздің стратегиямыздың негізгі элементтерінің бірі. Бұл құндылықтарға тәрбиелеу болашақты қалыптастыру үшін негіз деп санаймыз. Әрбір адам жер шарын сақтау үшін жауапкершілікті жете сезінуі керек», - деді ЦентрКредит Банкінің басқарушы директоры Клара Эрмакбаева.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс - шара қала басшылығы жариялаған "Алматы – біздің ортақ үйіміз" кең ауқымды науқанының аясында өтті. Бұл іс-шара эко-акцияның барлық қатысушыларына іс-әрекеттің маңыздылығын және олардың қоршаған ортаға әсерін еске салды.
TURAQTY JOL эконауқанының маңызды кезеңдерінің бірі - Республикалық экологиялық идеялар мен жобалардың Фестивалі. Қатысуға экологиялық мәдениетті дамытуға және елдің тұрақты даму жолындағы қозғалыс векторын нығайтуға бағытталған нақты және тиімді экологиялық бастамалары бар, 16 мен 35 жас аралығындағы жас экологиялық белсенділер шақырылады. Іріктелген және оқу дайындығынан өткен үздік 10 команда ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы қаласында конкурстық идеяларды іске асыруға бағытталатын жалпы 15 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бәсекелеске жиналады.
«TURAQTY JOL - азаматтық секторды, мемлекеттік органдарды, бизнес қоғамдастықты және БАҚ-ты тұрақты дамуға қол жеткізу жолында біріктіретін бірегей бастама, ал ЦентрКредит Банкі мен Шеврон компаниясының қатысуы жастардың экобастамаларын қолдау үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды», - деп атап өтті Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаев.
TURAQTY JOL жобасы экологиялық таза ортаны құруға және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталған ынтымақтастықты және саналы тұтынуды ынталандырады.