«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды

8 сәуір, 2024 / Меруерт Сағымхан
Алматы қаласының әкімдігі
Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген.

8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Қаланың барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген:

Науқан қорытындысы бойынша 1765 аялдама павильоны, 480 бағдаршам нысаны, 56 жер асты және 78 жер үсті өткелі, 1500 қоқыс алаңы, 24747 қоқыс жәшігі, 15454 орындық, 161 ескерткіш жуылып, жөндеуден өтеді. Қаланың коммуналдық қызметі 153 саябақ пен скверді, 1349 км арық желісін, 4468 км көше мен тротуарды, 235 люкті тазалайды. Науқан аясында 3420 жарық нүктесі, 650 белгі жаңартылып, 20 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылады. 1 мамырда қалада 65 субұрқақ іске қосылады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанын өткізу форматы, қатысу шарты, мекенжайы және байланыс нөмірі туралы қосымша ақпарат аlmaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланады. Сондай-ақ, веб-сайтқа жақында бүкіл қалаға ілінетін баннер, постер және афишадағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

 

 

Тэгтер:

Алматы науқан Инфрақұрылым