Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

ДСМ

Министрлік тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс берді.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, ведомство ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалануға кеңес берді. ⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеу ұсынылады.

Сонымен қатар су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдалануға болмайды. Мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен тасқын су жетпейтін жерлерде сақтау керек.

Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолды сабынмен жуу қажет. ⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеген абзал.

⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.