Жаңалықтар

Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылды

wp-s.ru

Air Astana әуе компаниясы гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайтынын хабарлады.

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты қосымша рейстерді енгізу туралы шешім қабылданып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

9 сәуірде Air Astana әуекомпаниясы Airbus A321 ұшағымен Алматыдан Атырауға және кері KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды.

«Авиалайнердің сыйымдылығы 179 орын, Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады. Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқынына орай осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданды», - делінген хабарламада.

Авиабилеттерді әуекомпанияның сайтынан, Air Astana қосымшасынан немесе Брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Сонымен қатар, Air Astana еріктілер ұйымдарынан гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайды.