Жаңалықтар

Су тасқыны: Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді

ТЖМ баспасөз қызметі

Тәулігіне АМО қызметкерлері 800-ден астам адамды қарады.

Су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының медицина қызметкерлері эвакуацияланған халықты тексеріп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатыр.

«Тәулігіне АМО қызметкерлері 800-ден астам адамды қарады, оның ішінде 268 бала бар. 80 адамға медициналық көмек көрсетілді, 4 адам ауруханаға жатқызылды. ТЖ туындаған сәттен бастап зардап шеккен халыққа 1060 жағдайда психологиялық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.