Жаңалықтар

Су тасқыны: Мал шығынына байланысты өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді

Еліміздің 7 өңірінде су тасқыны салдарынан 5 711 бас мал өлді

Су басқан өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60 мыңнан астам жануар қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас. Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тлебалдин ОКҚ алаңында хабарлады.


Деректерге сенсек, еліміздің 7 өңірінде су тасқыны салдарынан 5 711 бас мал өлді. Оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да жануарлар бар.


Ал, қазір АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр. Мал шығынына байланысты өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді. Ол халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізілді.