Жаңалықтар

Қарағанды облысында келесі аптадан бастап су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайды

ortcom.kz

Зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайтынын мәлімдеді.

«Келесі аптадан бастап біз өтемақы төлеуді бастаймыз. Сонымен қатар, зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, Нұра және Шерубай-Нұра өзендеріндегі су тасқынының негізгі шыңы 29-31- наурыз аралығында өтті, онда 4 ауылда 41 тұрғын үйді су басқан, 23 жағдай су толып кетумен байланысты және 20 жағдай елді мекендерде су басу қаупімен байланысты.

«Бүгінде біздің 237 гидротехникалық құрылысымыз тоқтаусыз жұмыс істейді, қажетті су көлемімен толтырылған. Биыл судың үлкен көлеміне байланысты Шерубай-Нұра су қоймасы арқылы 256 млн текше метр су өтті. Самарқанд және Ынтымақ арқылы 410 млн текше метр су өтті. Судың мұндай көлемі соңғы рет 2017 жылы тіркелді», - Б.Асанов.