Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін 378 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

БҚО-да еріктілер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп су басқан кенттердің 500-ден астам тұрғынын эвакуациялады

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін 378 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның 280 тоннадан астамы зардап шеккен өңірлерге жеткізілді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі.

Еріктілердің су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуы, гуманитарлық көмек жинау және оны жөнелту туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова хабарлады.

Оның айтуынша, Атырау облысының 5 мыңнан астам еріктісі қаптарды пайдаланып жағалау сызығын нығайтуға және су басқан аудандардан тұрғындарды эвакуациялауды жүзеге асыруға жұмылдырылған. 

БҚО-да еріктілер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп су басқан кенттердің 500-ден астам тұрғынын эвакуациялады. 

Павлодар облысының 260 еріктісі су тасқынына ұшыраған аудандарға барды. Қостанай облысының Арқалық қаласында күн сайын 5 қоғамдық тамақтандыру нысаны 300-ден астам адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. 

Түркістан облысынан келген 15 жас волонтер Ақтөбе облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетеді және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысады.