Ел бойынша қазірге дейін 63 927 адам эвакуацияланды – ТЖМ
Уақытша орналастыру пунктерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар
Төтенше жағдайлар министрлігі ел бойынша қазірге дейін 63 927 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.
«Оның ішінде 45 адам мүмкіндігі шектеулі жан, 15 283 бала бар.
Уақытша орналастыру пунктерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар. Психологтар жұмыс істейді. Барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин ОКҚ брифингінде.
Өңірлерге 96 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізіліп, 7 млн 300 текше метр еріген су тартылған. 921 мыңнан астам қапшық және 970 мың тонна инертті материал төселді.