Маңғыстау облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды
Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтады
Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды, деп жазады turkystan.kz.
Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі жағдай орын алуда. Осыған орай "Жаңаөзенде жол жабылды" деп алаңдаушылық сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.
Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-бабының 3-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр.
Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – дейді Жаңаөзен полициясы.