Қоғам

Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмысқа 80 жастағы әже де атсалысты (ВИДЕО)

Видеодан алынған кадр

Өңірде Орал өзенінің жағасын одан әрі нығайту үшін қапшықтарды топырақпен толтыру жұмыстары жүргізілуде

Атырауда 80 жастағы әже де су тасқынымен күресуге өз үлесін қосып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Baq.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысында су тасқынына дайындық бойынша іс-шаралар жалғасуда. Өңірде Орал өзенінің жағасын одан әрі нығайту үшін қапшықтарды топырақпен толтыру жұмыстары жүргізілуде.

Атырау маңындағы Бейбарыс ауылында еріктілер қатарында 80 жастағы жергілікті тұрғын да жүр. Жергілікті мектеп ұжымымен бірге әже де көмекке келген.