Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген ақпарат тарады

6 сәуір, 2024 / Ақмарал Берекет
sputnik.kz
Бұл - жалған ақпарат

Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының аумағында, нақты айтқанда Жаңаөзен қаласында су басу қаупі бар және оған құзырлы органдары дайындық жүргізіп жатыр деген ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз. Бұл - жалған ақпарат. Мұндай жалған ақпараттарға сеніп, үрейленіп, дүрбелең туғызбаңыздар. Маңғыстау облысының ресми өкілдерінің ақпаратына ғана сеніңіздер, - дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев.

Тэгтер:

Су Жаңаөзен