Қоғам

Алматыда толассыз жаңбыр жауатыны туралы ескерту жасалды

Жауын-шашын кезінде 235 арнайы техника, 210 жұмысшы және 51 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады

Алматы қаласында 6 сәуір күні шамамен сағат 17:00-ден кейін 7 сәуір таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр, деп хабарлады turkystan.kz El.kz-ке сілтеме жасап.

Жауын-шашын кезінде 235 арнайы техника, 210 жұмысшы және 51 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады. Олар су басудың алдын алу және проблемалық аумақта судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

6 сәуірде сағат 17:00-ден кейін 8 мм-ге дейін жаңбыр сіркірейді деп болжануда. Күндіз ауа температурасы +15...+17, түнде +10…+12 градус. 7 сәуірде 8 мм-ге дейін нөсер жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8...+10, түнде +12...+14 градус.