Жаңалықтар

Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады

kazgazeta.kz

Оған қатысты БАҚ беттерінде мақала жарияланған

Бас прокуратура Қ.Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Azattyq Ruhy агенттігінің мәліметінше, ведомство «Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты» деген мақалаға қатысты түсіндірме жасады.

Қ.Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайды.

Шынында да 03.04.2024 ж. Бас прокуратура «QazaqGaz» ҰК» АҚ (бұдан әрі - АҚ) басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты «Бәйтерек SA» ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты, - делінген мәлімдемесінде.

Бас прокуратура мәлімдемесі бойынша алайда, бұл қылмыстық іс «ҚазТрансГаз Өнімдері» АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді.

Осы сотқа дейінгі тергеу аясында АҚ бұрынғы басшысы Қ.Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген, өйткені тексеру кезеңі 2022 жылдан 2023 жылға дейін, яғни «Болашақ» БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болған, - деді ведомство.