Саясат

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда

Қырғызстан президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, ттал 

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. 

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. 

Қырғызстан президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.