Атыраудағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам көшірілді
Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар
Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан "Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды, – деп хабарлады облыстық штабтан.