Жаңалықтар

Қарағандыда ер адам жұрттың көзінше әйелдің шашынан сүйреп, соққыға жыққан

Видеодан алынған скриншот

Әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның әрекетінен балалар шошып қалған.

“Немолчи.KZ” қоры қала саябақтарының бірінде ер адамнан зәбір көріп жатқан әйелдің видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бүгін қала жұртшылығында мектептің жанында ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соғып, шашынан жерге сүйреп бара жатқаны түсірілген видеоны көрдім. Бұл оқиғаны балалар да көрді! Жерге сұлап түскен әйелден бір метр жерде бала тұрған", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның кім екені анықталғанын хабарлады.