Жаңалықтар

Шымкентте полиция қызметкерлері өлім ауызында жатқан итті құтқарып қалды

Видеодан алынған скриншот

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Әл-Фараби ауданында патрульде жүрген инспекторлар арықтың тар құбырынан шыға алмай жатқан итті байқаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Жануарды құтқару үшін біраз тер төгуге тура келді.

– Ит тістеніп, бізді жақындатпады. Сол төңіректегі тұрғындардан құрал-сайман сұрастырып, итті алып шықтық. Әлбетте, бұл жағдайға біз бей-жай қарап өтіп кете алмадық. Өмір игі істерге беріледі емес пе, - дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ, полиция иттің иесін анықтап, жануарды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірді.