Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктертің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.
«6-8 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын жауып, жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл соғады», - делінген хабарламада.
Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді. Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20 жылыға дейін көтеріледі.