Неліктен Ботсвана Германияны табын-табын піл жіберемін деп қорқытты?
Humane Society International компаниясының 2021 жылғы есебіне сәйкес, Германия Еуроодақтағы ең ірі піл импорттаушының бірі.
Ботсвана Германияға табын-табын піл жіберемін деп қорқытты. Бұл ескерту дипломатиялық жанжалдан туындады, өйткені Ұлыбритания мен Германия браконьерлікке қатысты алаңдаушылық білдіріп, аулаған аңды импорттауға қатаң шектеу қою мәселесін қарастырып жатыр.
Наурызда Ботсвананың Табиғат министрі Ұлыбританияның Лондондағы Гайд паркіне 10 000 піл жіберемін деп қорқытты. Бұл оқиға Ұлыбритания үкіметі британдық сафари аңшыларына олар аулаған олжаларды әкелуге тыйым салу туралы мәселе көтергеннен кейін болды.
Euronews.com мәліметінше, Германия да қазір осы мәселені қарастырып жатыр, бұған Африка елі одан да қатты реакция білдірді.
Ботсвана аулаған аңдар мен олжаны импорттауға тыйым салу азаматтарға экономикалық соққы болады, өйткені ол сафариден түсетін кірісті азайтады дейді. Сонымен қатар, Ел президенті піл популяциясы күрт өсіп келе жатқанын, ал аң аулау олардың санын бақылаудың ең маңызды әдісі екенін айтты.
Humane Society International компаниясының 2021 жылғы есебіне сәйкес, Германия Еуроодақтағы ең ірі піл импорттаушының бірі.