Қостанайда құрылыс алаңында төтенше жағдай болды
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Қостанайда құрылыс алаңында оқыс оқиға болды. Ер адамды құрылыс тастары басып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, ер адамның үстіне құрылыс блоктары салынған паллет құлаған.
«Жәбірленуші көптеген дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Бұл дерек ішкі істер органдарына тіркеліп, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.