Қарағанды облысында 2 баланың мәйіті табылды
Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды.
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 сәуірде болған.
«Бұқар-Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жария етілмейді.