Жаңалықтар

ҰҚК қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға ақша аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыратын телефон алаяқтарының қатысуымен болған оқиғалар жиілеп кетті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Алаяқтар ақшаны заңсыз иелену мақсатында қаржылық операцияларды жүргізуге азаматтардан көмек сұрайды.