Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 5 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашын жаумайды.
Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел күшейеді.
Түркістан облысында дауыл соғады.