Шымкент – Самара тас жолында өзбекстандық 8 азамат қаза тапты
Өзбекстан елінің азаматтары жол апатына ұшыраған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.