Жаңалықтар

Алаяқтар Павлодар облысы әкімінің атын жамылып, азаматтарды алдап жүр

polisia.kz

Аймақ басшысы тек 3 ресми парақшасы барын айтты.

Алаяқтар Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың атынан алаяқтық схемасын құрып алған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен сіздерден телефон арқылы хат алмасуда және қоңырауларға жауап бергенде сақтық танытып, абай болуларыңызды сұраймын. Өкінішке орай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және кез келген адамның олардың арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін», - дейді облыс әкімі.

Байхановтың сөзінше, соңғы күндері әкімнің және бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, солардан қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге және басқа да адамдарға хабарламалар жіберілген.

Аймақ басшысы тек 3 ресми парақшасы барын айтты:

- @Instagram желісінде - @asaiyn.baikhan; - Facebook желісінде - Асайын Байхан - telegram арна - https://t.me/AsaiynBaikhan

«Сондай-ақ, мен WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі барлық хабарламаларды өз нөміріммен, оны жасырмай жіберемін. Сондықтан, егер сіз менің атымнан менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл алаяқтар. Сіздерден аса сақ болуды және абай болуды сұраймын», - дейді әкім.