Жаңалықтар

Ресей азаматы Қазақстанға қолтырауынды заңсыз әкелмек болған

Қолтырауын мамандандырылған ұйымға беріледі.

Ресейде кеден қызметкерлері ер адамның Қазақстанға Бакс атты тірі қолтырауынды заңсыз әкетуіне жол бермеген, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Орск өткізу пунктінде кеден қызметкерлері жүк көлігін тексерген. Көлікті тексеру барысында басқа заттардың арасынан тірі қолтырауын салынған ағаш қорап табылған. Ішіндегі бауырымен жорғалаушының ұзындығы - 1,8 метр.

Көлікті Ростов облысының тұрғыны тізгіндеген. Оның жануарды шетелге шығаруға қажет рұқсат құжаттары болмаған, бірақ ветеринариялық паспорты болды.

Қолтырауын мамандандырылған ұйымға беріледі.