Жаңалықтар

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Алаяқтардың жаңа схемалары пайда болған.

Ұлттық Банк «сақтандыру жағдайларын» пайдаланатын алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі сот ісі мен шешімдері аясында жасалған «жеке сот орындаушыларының» жалған құжатын ұсыну арқылы алдайтын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді.

Азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік органдардағы «уәкілетті тұлғалардың» немесе жеке сот орындаушысының қолы мен аты-жөні жазылған және мөр басылған жалған құжаттарды көрсетеді. Мұндай «растаушы құжаттар» азаматтарды үшінші тұлғаға ақша аударуға сендіру үшін көрсетіледі.