Қоғам

Түркістан облысында шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендер ұсталды

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жедел уәкілдер заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдіктіні ұстады, оның екеуі – әйел, жетеуі – ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді.
 

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.