Жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері талапқа сай келмейтін 1400-ге жуық жарнама тақтайшалары алынып тасталды

www.gov.kz

Кәсіпкерлермен түсіндірме әңгімелер жүргізіледі, маңдайшаларға қойылатын талаптарды, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін сипаттайтын буклеттер беріледі.

Биыл Астанада жыл басынан бері барлық аудандағы ғимараттардың қасбеттерінен 1400-ге жуық жарнамалық элементтер бөлшектелді, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елордада «Жарнама туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес, қаланың сыртқы келбетін ретке келтіруге бағытталған жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Елорданың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін жүзеге асыруды Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ-і жүзеге асырады. Сонымен қатар аталған мекеме қала аумағында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаға мониторинг жүргізеді.

«Астана-Жарнама» КММ қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сәулет стилінің негізгі параметрлеріне сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат (маңдайшалар мен жарнама) элементтерін түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді.

Кәсіпкерлермен түсіндірме әңгімелер жүргізіледі, маңдайшаларға қойылатын талаптарды, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін сипаттайтын буклеттер беріледі.

Биыл жыл басынан бері ғимараттар мен құрылыстардың 200-ден астам қасбеттеріне көзбен шолып тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 830-дан астам маңдайша және талаптарға сәйкес келмейтін сыртқы (көрнекі) ақпараттың 550-ге жуық элементтері бөлшектелді.

Мекеме қызметкерлері 1600-ге жуық кәсіпкерлік субъектісін қабылдады, оларға ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулеттік-көркемдік безендіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері белгілерінің 742 эскизі қаралды.