Жаңалықтар

Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды

Заңнаманы бұзған басшыларға 9 миллионнан астам теңге айыппұл салынды.

Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды.

24KZ арнасының хабарлауынша, білім заңнамаларын бұзған басшыларға 9 миллионнан астам теңге айыппұл салынды. Заң бұзушылықтардың дені - асханадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың болмауына, 400-ге жуық педагогтың біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеуіне және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауына қатысты. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті осындай олқылықтарды анықтады.