4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

4 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
Pixabay
Кей өңірлерде жел күшеюі ықтимал

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі Батыс антициклонының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл тұрады.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Синоптик 4 сәуір