Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: olympic.kz

ATP 250 турнирінде отандасымыз сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстанның жұптық сайыстағы үздік теннисшісі Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Эсторилде (Португалия) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

1/8 финал кезеңінде Недовесов пен Эскобар Педро Мартинес (Испания) / Педро Качен (Аргентина) дуэтімен кездесті.

Матч 6-3, 6-2 есебімен Александр мен Гонсалоның пайдасына аяқталды.