Жаңалықтар

Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті. 

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Астанадағы саммитіне дайындық жүріп жатқанын айтып, аталған шараның еліміз үшін мәні зор екеніне назар аударды. Президент ШЫҰ кеңістігіндегі ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесулері айрықша өзекті екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, таяуда көптеген бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған Мәскеу облысындағы қайғылы оқиға лаңкестердің зорлық-зомбылықтың ең қатігез әрі зұлым тәсілдерін қолданатынын көрсетті.