Қоғам

Ақмола облысында мал ұрлығын кәсіп еткен екі азамат сотталды

altaynews.kz

8 тұрғын зардап шекті.

Астрахан ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл адамдар бірнеше ай бойы облыс аумағында болып, күндіз жайылымда малды бақылап, түнде қораларға, қашаларға кіріп, малды ұрлап жүргені анықталды. Олардың заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті.

«Аудандық сот бұл тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді», - делінген хабарламада.

Мал ұрлығы ауылдық мекендер үшін бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады және оған қарсы облыстың барлық құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылған.