T-LIFE

Оң қолы жоқ диджей-оқытушы Германияның жыл профессоры атанды

сурет: Jan Woitas/dpa/picture alliance

Берлинде Германияның жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы марапатталды. Техникалық университетінің профессоры Хемницкий осы сыйлықтың лауреаты атанды. Бір қызығы, күндіз ол дәріс оқып, семинар өткізсе, ал түнде диджей болып жұмыс істейді екен.

Берлинде "Жыл профессоры" сыйлығының иегері анықталды ("Hochschullehrer des Jahres"). Бұл беделді марапатты Хемниц техникалық университетінің (tu Chemnitz) профессоры Бертольт Майер иеленді. Марапаттың ақшалай сыйақысы - 10 мың еуро.

Сыйлық туралы жаңалық 2023 жылғы желтоқсанда жарияланған. DW-ге берген сұхбатында лауреаттың өзі айтқандай, бұл күтпеген оқиға болған. Тіпті ол шошып кеткенін айтады.

"Мен бұл сыйлыққа ұсынылғанымды да білмедім, сондықтан мен оны алдымен қалжың ретінде қабылдадым", - дейді.

Алайда, бұл әзіл емес екені белгілі болған. Профессордың өзі айтыпөткендей, сыйлық ол үшін үлкен маңызға ие.

"Бұл марапат менің қоғамдағы әртүрлілік тақырыбындағы зерттеу жұмысым үшін берілді. Айырмашылықтарға қалай қараймыз? Біздің поляризацияланған әлемде бұл сұрақ өте маңызды. Ғылым қызу пікірталастарға үлкен үлес қоса алады. Бұл - бірінші аспект қана", - дейді Бертольт Майер.

Неміс профессоры, сонымен қатар ARTE телеарнасында және Deutschlandfunk радиостанциясында подкаст та жүргізеді. Ең қызығы - түнде диджей де болады екен.

"Бұл имиджіңізге кедергі келтірмей ме?" деген сұраққа Бертолт Майер риясыз күліп: "бұл - менің қызығушылығым және бұрыннан келе жатқан хоббиім. Осы уақытқа дейін мен музыкаға деген құштарлық пен ғылыми қызметті біріктіре алдым. Диджейлікпен алты-сегіз аптада бір рет айналысамын. Музыка маған психикалық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Ғылым жолы үлкен стресстен, күйзелістен және кейде көңілсіздіктен тұратыны жасырын емес".

Сонымен қатар, профессор Майер "дәрістер, семинарлар, курстар мен диссертациялар - күндіз, ал техно-клубтар - түнде" деп жауап берген.

"Мен Химницте сабақ беремін және ғылыммен айналысамын, ал Берлинде диджей боламын. Қаңтар айында біздің университеттің студенттік кеңесі мені университет кешінде ди-джей болуымды өтінді. Студенттер сұрағандықтан ғана келістім. Жалпы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталғаны жақсы деп есептеймін", - дейді профессор.

Технология жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін екенін айтқан Бертольт Майер бұған өзін мысал ретінде келтірді. Оның туғаннан оң жақ қолы, нақтырақ айтқанда, қолының шынтақтан төменгі бөлігі жоқ. Бионикалық протез оған мүгедек болып туғанын ұмытуға мүмкіндік бергенін айтады.

"Мен бұл технологиялар олардан тек мүмкіндігінше көп ақша табуға тырысатын үлкен концерндер пайда табуға тырысады деп қорқамын. Бұл әрқашан адамзат мүддесі үшін жасалмайды. Мен адам құқықтарын бұзатын авторитарлық режимдерден қорқамын. Мәселе технологияның өзінде емес, адамзаттың оны қандай мақсатта қолданатынында", - деп түйіндейді Майер. 

Сондықтан неміс профессоры жасанды интеллекттің дамуына күмәнмен қарайтындарды түсінетінін айтады, бірақ бұл технологияның пайдасына сенеді.

Ал әлеуметтік желілерге келетін болсақ, "әлеуметтік медианы шамадан тыс тұтыну, соның ішінде әсіресе Instagram және Tiktok денсаулыққа зиян тигізеді, мұны дәлелдейтін нақты зерттеулер бар. Егер жастар әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізсе, бұл олардың психикалық денсаулығына кері әсер етеді" - дейді профессор.