Жаңалықтар

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Алматы әкімдігі

Қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.

Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.

Айта кетсек, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады. Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.