Жаңалықтар

Бишімбаевтың экс-жұбайы оның соттағы сөзін жоққа шығарды

turkystan.kz

Ол Instagram парақшасында Нүкеновамен арасындағы хатын жариялап, екеуінің қарым-қатынасы жақсы болғанын көрсетті.

Сот отырысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның қарым-қатынасы дұрыс болмағанын айтқан еді. Алайда Назым оның бұл сөзін жоққа шығарды.

Назым Қаһарман кеше, 1 сәуірде Бишімбаев сөз алған сот залынан бірнеше бейнеролик жариялап, кейбіріне пікір жазды. Назым Қаһарман Бишімбаев 2023 жылы 20 наурызда Салтанат Нүкенованың ағасымен төбелесі туралы айтып жатқан видеоға «Ол тағы да балаларды араластырып жатыр. Мені Салтанатқа жазды деп айтыпты. Олай болған жоқ», - деп жазды.

Ол Instagram парақшасында Нүкеновамен арасындағы хатын жариялап, екеуінің қарым-қатынасы жақсы болғанын көрсетті.

«Бұл алғашқы және соңғы рет хат арқылы сөйлескен кезіміз болатын», – дейді Назым.

Хат мәтінінде Нүкенова Назымға балаларының өте тәрбиелі екенін жазған.