Спорт

Атыраудағы спорт мектебінің қызметкерлері 3 айдан бері жалақысын алмай жүр

baq.kz/Айнагүл Асқар

Қызметкерлер 10 сәуірге дейін жалақы төленбесе, жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Атыраудағы спорт мектебінің 84 қызметкері 3 айдан бері еңбекақы ала алмай жүр, деп хабарлайды turkystan.kz Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Несиемізді төлеуге қаржы таппай, әбден қиналдық деген олар бүгін наразылықтарын білдіруге жиналды. Биліктегілер алдағы 10 күнде мәселені шешпесе, жұмысты тоқтатамыз деп отыр. Жауапты басқармадағылар проблемаға министрлікті кіналап, жақын арада еңбеакының берілетініне сендірді. 

Айжан Айдынғалиева, спорт мектебінің қызметкері:

- Осы уақытқа дейін медсақтандыру, зейнетақы аударымы төленген жоқ. Тек жалақы емес. 3 ай бойы бізге бюджеттен ақша түскен емес.

Жансая Науановва, спорт мектебінің қызметкері:

- Бала-шағамыз бар. Коммуналдық төлем төлеу керек. Дәрі-дәрмек бар. Несие өз алдына. Жағдайымыз қиын болып тұр. Сәуір айының 10-ына дейін жалақы бермесе, мекеме жұмысы тоқтайды. Жұмысшылардың ешбірі жұмысқа шықпайды.