Жаңалықтар

Гүлнұр Мамасарипова су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Гүлнұр Мамасарипова. Фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Өнер иесі су кешіп жүрмесек те, үлесімізді тигіздік дейді.

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова су тасқынынан зардап шеккен халықпен бірге екенін айтып, көпшілікке көмек көрсеткенін мәлім етті.

«Елдегі жағдайға қарап, көп нәрсеге бата алмай отырмын. Су кешіп жүрмесек те, үлесімізді тигіздік. Мұны да айтпасымызға қоймай жатқандар бар. Әйтпесе, оң қолым бергенді, сол қолым білмесін дейтін адаммын. Баяғыда апам жатар алдын «Е, Жаратушы, Аллам! Тосыннан келген апаттан сақта» деп күбірлейтін еді. Соны өзім де өмір бойы айтып келем. Бұл күндер де өтер. Алла жеңілдігін берсін», – деп жазды Instagram-дағы парақшасында Мамасарипова. 

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге көмек бергені жайлы хабарлаған болатынбыз.